Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 28.05.2024 № С-12/8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы | Д.Акимов |