"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тугжанов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1. "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5776 болып тіркелген) қаулысы;
2. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 424 Ақтөбе облысы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 болып тіркелген) қаулысы;
3. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 171 Ақтөбе облысы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7060 болып тіркелген) қаулысы.