Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 424 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қазанда № 5953 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.04.2023 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-2) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16137 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5776 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 04 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 424 қаулысына
қосымша
  Ақтөбе облысының әкімдігінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 440 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

100

832 029,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады