Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 171 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 7060 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.04.2023 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5776 тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  2020 жылғы 17 сәуірі № 171 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

100

598840,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады