Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 440 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 5776 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.04.2023 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысының әкімдігінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 440 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 17.04.2020 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).

Білім алушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

100

598840,00

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады