Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |