Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 тамызда № 6330 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген, Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. БОЛАТОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 22.10.2021 № 72 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.07.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады