Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Ергалиев |
2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 шешіміне қосымша |
Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы, Қобда ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілеттік мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы Қағидалар Қобда ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2 тарау . Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
"Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғаныстанда әскери қызметін өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшілердің ата – аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.
3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
2) жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күн көріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы;
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне – өзі күтім жасай алмауы;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға - "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 04.04.2024 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:
1) жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу – адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, арызы бойынша бір рет жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) - жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
3 – тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, тоқтату негіздері және көрсетілетін әлеуметтік көмекті қайтару Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 04.04.2024 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округінің әкіміне Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтінішті ұсынады.
13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
тиісті жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қобда ауданы бюджетінен көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
15. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
4 – тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
16. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Қобда ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалар ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
5 - тарау. Қорытынды ереже
18. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.
2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 шешіміне 2 қосымша |
Қобда аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) шешімі;
2) Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 20 "Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8268 болып тіркелген) шешімі;
3) Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 176 "Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28431 болып тіркелген) шешімі;
4) Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 11 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8345 болып тіркелген) шешімі.