Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 174 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 8570-04 болып тіркелді

      Қобда аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8459 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға - "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;";

      11 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады