Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 07.12.2023 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қобда аудандық мәcлихаты ШЕШТІ:
1. Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Қобда ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
10 -1 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |