Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша" Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 8 - тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы №17/125-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 болып тіркелген);
2) "Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы №17/125-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" 2019 жылғы 5 наурыздағы №29/218-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
Г. Хусайнова |