"Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 17/125-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 29/218-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 наурызда № 5785 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 10/57-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 129-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 10/57-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына және 7 – бабы 4–тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46–бабына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 17634 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты "Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5325 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 17/125-VI шешімінің қолданылуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіргенге және Курчатов қалалық мәслихаты сессиясында шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады