Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 17/125-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 5325 болып тіркелді. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 29/218-VI шешімімен. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 10/57-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 129-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 10/57-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 05.03.2019 № 29/218-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы А. Борисенко
      Курчатов қалалық мәслихатының
      хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 17/125-VІ шешіміне қосымша

Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Нысан

Есеп айырысу бірлігі

Тариф теңгемен



1

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

123,5

2

Заңды тұлғалар

1 м3

1186,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады