Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 10/57-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 129-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша" Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 8 - тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы №17/125-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 болып тіркелген);

      2) "Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы №17/125-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" 2019 жылғы 5 наурыздағы №29/218-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады