Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 12/72-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 желтоқсанда № 174-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 17/108-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 30.04.2024 № 17/108-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 – бабы 4, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі 1 – қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Көрсетілген шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 12/72-VIII
1- қосымша

Курчатов қалалық тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Курчатов қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 12/72-VIII
2 қосымша

Курчатов қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдердің тізімі

      1. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылы 14 қыркүйектегі №24/191-VI "Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қазанда № 5-3-130 болып тіркелді.);

      2. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 36/282-VI шешімі (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 6396 болып тіркелді);

      3. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 38/297-VI шешімі (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 6906 болып тіркелді);

      4. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/19-VII шешімі (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 8481 болып тіркелді);

      5. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 13 қазандағы № 22/147-VII шешімі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазандағы № 30226 болып тіркелді);

      6. "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI "Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/32-VIII шешімі (Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 83-18 болып тіркелді).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Курчатов

Решение Курчатовского городского маслихата области Абай от 30 ноября 2023 года № 12/72-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 5 декабря 2023 года № 174-18. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 30 апреля 2024 года № 17/108-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 30.04.2024 № 17/108-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктами 4, 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", постановлением Правительство Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Курчатов согласно приложению 1.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Курчатовского городского маслихата согласно приложению 2 к указанному решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Курчатовского городского маслихата
      Г. Хусайнова

  Приложение 1
Курчатовского городского
маслихата
от 30 ноября 2023 года
№ 12/72-VIII

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Курчатов

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в городе Курчатов, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 10 (десять) процентов.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости исоциальных программ города Курчатов области Абай" (далее – уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" от 24 апреля 2020 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам.".

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" и/или на веб-портал "электронного правительства" (далее – Государственная корпорация), согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2
Курчатовского городского
маслихата
от 30 ноября 2023 года
№ 12/72-VIII

Перечень утративших силу некоторых решений Курчатовского городского маслихата

      1. Решение Курчатовского городского маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Курчатов" от 14 сентября 2018 года №24/191-VI (зарегистрировано Управлением юстиции города Курчатова Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 12 октября 2018 года № 5-3-130.);

      2. Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области "О внесении изменения в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" от 29 ноября 2019 года № 36/282-VI (зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 декабря 2019 года № 6396);

      3. Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области "О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" от 31 марта 2020 года № 38/297-VI (зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 апреля 2020 года № 6906);

      4. Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области "О внесении изменения в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" от 17 марта 2021 года № 3/19-VII (зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 марта 2021 года № 8481);

      5. Решение Курчатовского городского маслихата области Абай "О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" от 13 октября 2022 года № 22/147-VII (зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 октября 2022 года № 30226).

      6. Решение Курчатовского городского маслихата области Абай "О внесении изменения в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Курчатов" от 23 мая 2023 года № 4/32-VIII (зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 26 мая 2023 года № 83-18).