Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылдың желтоқсан айына туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін шетелдіктерге туристік жарна мөлшерлемелерін 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |