Аягөз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/137-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 187-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылдың желтоқсан айына туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін шетелдіктерге туристік жарна мөлшерлемелерін 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады