Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сатанов |
Ескелді аудандық мәслихаты 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 11-36 шешіміне қосымша |
Ескелді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 30 қарашада № 4916 болып тіркелді) шешімі;
2. Ескелді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы "Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 19-64 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 9 желтоқсанда № 25691 болып тіркелді) шешімі;
3. Ескелді аудандық мәслихатының "Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 9-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-9-53 болып тіркелген, 2008 жылдың 21 наурызында "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Ескелді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі Ескелді аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы "Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" № 9-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 13-89 (Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 11 мамырда № 4210 болып тіркелді) шешімі.