Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6446-09 болып тіркелді.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2655 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешіміне өзгерту енгізу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 461 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5554 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 39
Шешіміне қосымша

Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері

      1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

      2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Үйде оқыту шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқыту шығындарын өтеу өткен айға жүргізіледі. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Саран қаласы мен Ақтас кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуіне) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқыту шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке тең.

      7. Оқыту шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      8. Оқыту шығындарын өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас

Решение Саранского городского маслихата Карагандинской области от 27 июня 2023 года № 39. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 29 июня 2023 года № 6446-09.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения Саранского городского маслихата Карагандинской области от 28.09.2023 № 65 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Саранского городского маслихата от 22 мая 2014 года № 337 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2655).

      3. Признать утратившим силу решение Саранского городского маслихата Карагандинской области от 29 ноября 2019 года за № 461 "О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 22 мая 2014 года № 337 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5554).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель Саранского городского маслихата О. Баймаганбетов

  Приложение к решению
Саранского городского
маслихата
от 27 июня 2023 года
№ 39

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее-Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее – возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Сарани" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. Возмещение затрат на обучение производится за истекший месяц. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончание срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью, переезд на постоянное место жительство за пределы города Сарань, поселка Актас) выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Размер возмещения затрат на обучение равен двум месячным расчетным показателям ежемесячно на каждого ребенка с инвалидностью.

      7. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение, предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом, кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      8. Основаниями для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены в приложении 3 к Правилам возмещения затрат.