Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6446-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы | О. Баймаганбетов |