"Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына қосымша |
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.08.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Су объектісінің атауы | Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар | Жақын орналасқан елді мекеннің атауы | Орналасқан жері (координаттары) |
1. | Сырдария өзені | "Қалғандария" демалыс аймағы | Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті | 45°01'34.5"N 64°59'05.0"E |
2. | Сырдария өзені | "Мұратбаев" демалыс аймағы | Қармақшы ауданы, Жосалы кенті | 45°28'32.3"N 64°04'54.0"E |
3. | Сырдария өзені | "Қашқан су" демалыс аймағы | Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті | 45°59'42.9"N 62°07'24.0"E |
4. | Қамбаш көлі | "Аққұмшық" демалыс аймағы | Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі | 46°12'41.5"N 61°55'49.0"E |
5. | Ханқожа көлі | "Бәйгеқұм" демалыс аймағы | Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі | 44°17'39.68"N 66°30'51.01"E |
44°17'47.72"N 66°27'55.55"E | ||||
6. | Жібек жолы каналы | "Сыр самалы" демалыс аймағы | Қызылорда қаласы | 44°48'34.34"C 65°30'59.12"B |
7. | Сырдария өзені | "Сыр толқыны" демалыс аймағы | Қызылорда қаласы | 44°45'16.64"C 65°32'25.42"B |