"Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 141 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 тамызда № 8548-11 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қантардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8356-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Б. ЖАХАНОВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы бойынша
Экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қызылорда облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2024 жылғы 12 тамыздағы
№ 141 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы "13" қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша

Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Су объектісінің атауы

Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар

Жақын орналасқан елді мекеннің атауы

Орналасқан жері (координаттары)

1.

Сырдария өзені

"Қалғандария" демалыс аймағы

Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті

45°01'34.5"N 64°59'05.0"E

2.

Сырдария өзені

"Мұратбаев" демалыс аймағы

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

45°28'32.3"N 64°04'54.0"E

3.

Сырдария өзені

"Қашқан су" демалыс аймағы

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

45°59'42.9"N 62°07'24.0"E

4.

Қамбаш көлі

"Аққұмшық" демалыс аймағы

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі

46°12'41.5"N 61°55'49.0"E

5.

Ханқожа көлі

"Бәйгеқұм" демалыс аймағы

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі

44°17'39.68"N 66°30'51.01"E

44°17'47.72"N 66°27'55.55"E

6.

Жібек жолы каналы

"Сыр самалы" демалыс аймағы

Қызылорда қаласы

44°48'34.34"C 65°30'59.12"B

7.

Сырдария өзені

"Сыр толқыны" демалыс аймағы

Қызылорда қаласы

44°45'16.64"C 65°32'25.42"B


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады