Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 ақпанда № 8356-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік
инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі
      "Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша экология
департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қызылорда облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі
      "Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті"
мемлекеттік мекемесі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша

Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Су объектісінің атауы

Көпшіліктің демалу орны

Орналасқан жері

1

Сырдария өзені

"Ақ орда" демалыс аймағы

Шиелі ауданы,
Шиелі кенті

2

Сырдария өзені

"Қалғандария" демалыс аймағы

Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті

3

Сырдария өзені

"Мұратбаев" демалыс аймағы

Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті

4

Сырдария өзені

"Қашқан су" демалыс аймағы

Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады