Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.12.2023 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29766 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 1-қосымшасы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысына 1- қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен |
Тәрбиеленушілер | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
Жарты күн болатын топта, жалпы білім беретін мектептегі мектепалды даярлық сыныбында |
9 сағаттық | 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | ||
ауыл | 29900 | 26718 | 56698 | 61823 | 113202 | 93701 |
қала | 27617 | 24610 | 52481 | 57079 | 103318 | 85794 |
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысына 2-қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысына 2-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.