Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 225 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 8481-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29766 болып тіркелген);

      2) "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8385-11 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады