Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29766 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.12.2023 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      3. "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.04.2023 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 1-қосымшасы 01.01.2023 бастап туындаған қатынастарға таралады).

Елді мекен

Тәрбиеленушілер
саны *

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Жарты күн болатын топта, жалпы білім беретін мектептегі мектепалды даярлық сыныбында

9 сағаттық
болу режимі бар топта

10,5 сағаттық болу режимі бар топта

түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық болу режимі бар топта

туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық болу режимі бар топта

ауыл

29900

26718

56698

61823

113202

93701

қала

27617

24610

52481

57079

103318

85794

      Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына 2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.04.2023 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 1-қосымшасы 01.01.2023 бастап туындаған қатынастарға таралады).

Елді мекен атауы

Тәрбиеленушілер саны *

Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері
3 жасқа дейін
(теңге)

Бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері
3 жастан бастап (теңге)

Қызылорда

26233

-

-

қала

23914

13500

14500

ауыл

2319

13500

14500

Арал ауданы

4502

-

-

қала

2413

7000

8000

ауыл

2089

6000

7000

Қазалы ауданы

3677

-

-

қала

252

9900

11000

ауыл

3425

12500

13000

Қармақшы ауданы

4200

-

-

қала

1038

10000

10000

ауыл

3162

6000

7000

Жалағаш ауданы

3268

-

-

ауыл

3268

6000

7000

Сырдария ауданы

2185

-

-

ауыл

2185

6500

7500

Шиелі ауданы

7064

-

-

ауыл

7064

6000

8000

Жаңақорған ауданы

6388

-

-

ауыл

6388

6000

8000

      Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады