Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 06.05.2024 № 227 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазалы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 276 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6687 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |
Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 210,35 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 252,42 |
3 | Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1м3 | 2 524,20 |