"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |