Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2023 жылғы 19 қазандағы | |
№ 8/67 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген).
2. "Жаңаөзен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/102 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелген).
3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 "Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/468 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген).