Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 "Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/468 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 4094 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 19.10.2023 № 8/67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17634 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3323 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Н. Худибаев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Самаликова
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2019 жылғы 23 желтоқсандағы
  № 40/468 шешіміне қосымша
  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2017 жылғы 3 наурыздағы
  № 9/101 шешіміне қосымша

Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы, м³

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,87

2

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,9

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,7

5

Емханалар

1 келіп кету

0,0003

6

Ауруханалар, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,26

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,14

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,44

9

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,28

10

Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м²

0,9

11

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м²

0,13

12

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м²

0,24

13

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м²

0,2

14

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м²

0,35

15

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина - орын

1,2

16

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,42

17

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,0

18

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м²

0,24

19

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м²

0,44

      Ескертпе: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы: АЖС – автокөлікке жанармай құю станциясы; м2 - шаршы метр; м3- текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады