Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 3323 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/67 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

       4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй

      коммуналдық шаруашылығы және

      тұрғын үй инспекциясы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Н.Мұстафаев

      "3" наурыз 2017 жыл

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2017 жылғы 3 наурыздағы
  № 9/101 шешіміне
  қосымша

Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 23.12.2019 № 40/468(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы, м³

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,87

2

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,9

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,7

5

Емханалар

1 келіп кету

0,0003

6

Ауруханалар, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,26

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,14

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,44

9

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,28

10

Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м²

0,9

11

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м²

0,13

12

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м²

0,24

13

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м²

0,2

14

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м²

0,35

15

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина - орын

1,2

16

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,42

17

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,0

18

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м²

0,24

19

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м²

0,44

      Ескертпе: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы: АЖС – автокөлікке жанармай құю станциясы; м2 - шаршы метр; м3- текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады