Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 19.10.2023 № 8/67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жаңаөзен қаласының әкімдігіне жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).
4. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С.Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Мұстафаев
"3" наурыз 2017 жыл
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2017 жылғы 3 наурыздағы | |
№ 9/102 шешіміне | |
қосымша |
Жаңаөзен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері
№ | Атауы | Есептік бірлік |
Баға, теңгемен |
1 | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері |
1 м3 |
2245,26 |
2 | Жеке тұлғалар | 1 адам/айына | 194,95 |
Ескертпе: Аббревиатураларды ажыратып жазу: м3 - текше метр, ҚҚС - қосылған құн салығы.