Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережеде:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Қалаубай |