Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 5/35 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 шілдеде № 4586-12 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережеде:

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады