ШЕШТІМ:
1. Әулиекөл ауданы әкімінің "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9914 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 255, № 264 сайлау учаскелері алынып тасталсын:
"№ 255 сайлау учаскесі
Кургуус ауылы шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Кургуус ауылы, № 2 көше, 8-үй, 1-пәтер.";
"№ 264 сайлау учаскесі
Шилі ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Шилі ауылы, Степной көшесі, 9 үй, 1 пәтер.".
2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Е. Теменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Әулиекөл аудандық (аумақтық)
сайлау комиссиясы