Әулиекөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 маусымда № 10023 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімінің "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9914 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында № 255, № 264 сайлау учаскелері алынып тасталсын:

      "№ 255 сайлау учаскесі

      Кургуус ауылы шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Кургуус ауылы, № 2 көше, 8-үй, 1-пәтер.";

      "№ 264 сайлау учаскесі

      Шилі ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Шилі ауылы, Степной көшесі, 9 үй, 1 пәтер.".

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Е. Теменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Әулиекөл аудандық (аумақтық)

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады