Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 25 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 10029 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 06.12.2023 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9865 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мерекелік күндері:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;

      2) Жеңiс күнi - 9 мамыр болып табылады.";

      7-тармақтың:

      бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі:".

      7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      7-тармағының 9) тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "9. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралану, контузия алуы, мертігуі саласынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 1989 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде Ауғанстанға және соғыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      уақытша Ауғанстан аймағында болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамына кірмеген, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылар мен қызметшiлер 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.".

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланнан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап қатынастарға таратады.

      маслихат төрағасы Н. Булатов

О внесении изменений и дополнения в решение Узункольского районного маслихата от 16 апреля 2021 года № 31 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Узункольского района Костанайской области от 13 июня 2023 года № 25. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 19 июня 2023 года № 10029. Утратило силу решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 6 декабря 2023 года № 51

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 06.12.2023 № 51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Узункольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 16 апреля 2021 года № 31 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9865) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Праздничными днями являются:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля;

      2) День Победы - 9 мая.";

      в пункте 7:

      абзац первый изложить в новой редакции:

      "7. Единовременная социальная помощь оказывается следующим гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, а также отдельным категориям граждан к праздничным дням:";

      подпункт 7) изложить в новой редакции:

      "7) ветеранам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы, без учета доходов, в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      пункт 7 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9. Ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР), в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в Афганистане, где велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 15 февраля 2023 года.

      Председатель маслихата Н. Булатов