Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 358/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31257 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 114/2 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 358/5 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 420 | 13016 |
2 | Туризм және өлкетану | 340 | 13016 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 405 | 13016 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 610 | 13016 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 540 | 13016 |
6 | Гуманитарлық | 615 | 13016 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 400 | 13016 |
Барлығы: | 3330 | - |