Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 "Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6051 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада 3-тараудың 6-тармағының 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және аудан әкімі қол қояды";
қосымшадағы 3-тараудың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады";
Ереженің 4-тармағының 2-абзацындағы "және елтаңбалы мөрмен бекітіледі" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық мәслихатының төрағасы | Т. Даулетов |