Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қыркүйекте № 6051 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин ауданы мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Неупокоев
      Аудандық мәслихат хатшысы П. Лампартер

  Железин ауданы мәслихатының
2018 жылғы 13 тамыздағы
№ 245/6 шешімімен
бекітілген

Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Железин ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Құрмет грамотасымен Железин ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Аудан мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімі, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан аумағында қызмет жасайтын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалы органдары енгізеді.

      4. Белгіленген үлгідегі награда парағында марапатталушының жеке басы, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Награда парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 12.12.2023 № 77/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Железин ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Құрмет грамотасының формасы:

      қазақ тілінде: Железин ауданының Құрмет грамотасы;

      орыс тілінде: Почетная грамота Железинского района.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Железин ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Железинский район" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3-тарау. Железин ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудан мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және аудан әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 12.12.2023 № 77/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 12.12.2023 № 77/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар аудан мәслихаты жанында құрылған әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Наградтау бойынша материалдар Железин ауданының мәслихатында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады