Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 "Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 77/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 7443-14 болып тіркелді

      Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 "Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6051 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада 3-тараудың 6-тармағының 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және аудан әкімі қол қояды";

      қосымшадағы 3-тараудың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады";

      Ереженің 4-тармағының 2-абзацындағы "және елтаңбалы мөрмен бекітіледі" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады