Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
"Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері
№ | Су айдынының атауы | Орналасқан жері (аудан, ауылдық округ, елді мекен) | Су айнасы ның ауданы (гектар)/ұзындығы (шақырым) | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өзендер | |||||
1 | Есіл өзені | Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар | 690 | 1000 | 100 |
2 | Ақан-Бұрлық өзені | Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау | 222,36 | 500 | 100 |
3 | Иман-Бұрлық өзені | Шал ақын, Айыртау | 177 | 500 | 100 |
4 | Жембарақ өзені | Ғабит Мүсірепов атындағы | 37,29 | 500 | 35-100 |
5 | Мұқыр өзені | Ғабит Мүсірепов атындағы | 19,7 | 500 | 35-38 |
6 | 53°31'46.09" солтүстік ендік, 67°4'12.03" шығыс бойлық 53°31'33.39" солтүстік ендік, 67°3'46.77" шығыс бойлық географиялық координаттар тұсындағы Шудасай өзенінің учаскесі | Шал ақын, Юбилейный, Ұзынжар | 0,75 | 500 | 75 |
7 | Аралтөбе өзені | Айыртау | 32,765 | 500 | 35-55 |
8 | Қамсақты өзені | Айыртау, Есіл | 107,353 | 500 | 35-55 |
9 | Құланайғыр өзені (облыстық маңызы бар КСТ-62 "Ершовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл 17-209 километрлер" автомобиль жолының 159 километріндегі көпірді күрделі жөндеу учаскесі) | Ғабит Мүсірепов атындағы, Чистопол, Ялты | 0,4 | 500 | 35 |
10 | "Даутское-1" кен орны тау-кен бөлуінің географиялық координаттарының тұсындағы Шат өзенінің учаскесі | Ақжар, Ленинград, Ленинградское | 0,91 | 500 | 75 |
Көлдер | |||||
Ақжар ауданы | |||||
11 | Қомбайсор | Ленинград, Дәуіт | 687 | 500 | 50 |
Аққайың ауданы | |||||
12 | Кіші Тоқшын | Тоқшын, Тоқшын | 33 | 300 | 50 |
13 | Шағалалы Теңіз | Қиялы | 7800 | 500 | 50 |
14 | Базарал | Аралағаш, Аралағаш | 577 | 500 | 50 |
15 | Байсал | Аралағаш, Амангелді | 128 | 300 | 50 |
16 | Ақсуат | Аралағаш, Рублевка | 303 | 300 | 50 |
17 | Круглое | Аралағаш, Рублевка | 93 | 300 | 50 |
18 | Кіші Балықты | Смирнов | 235 | 500 | 50 |
19 | Жалтыр | Григорьев, Григорьевка | 269 | 500 | 50 |
20 | Құндыкөл | Полтав, Полтавка | 68 | 300 | 50 |
Есіл ауданы | |||||
21 | Полоустное (Полонское) | Петров, Покров, Петровка | 33 | 300 | 50 |
Жамбыл ауданы | |||||
22 | Екатериновское | Қазан, Екатериновка | 471 | 500 | 50 |
23 | Питное | Преснов (Железнин) | 108 | 300 | 50 |
24 | Курганское | Қазан, Усердное | 162 | 300 | 50 |
25 | Кабань | Первомай, Кабань | 79 | 300 | 50 |
26 | Суаткөл | Жамбыл, Амангелді | 68 | 300 | 50 |
27 | Мұжық | Озерный | 65 | 300 | 50 |
28 | Жалтырша | Майбалық | 24 | 300 | 50 |
29 | Далагүл | Благовещен, Майбалық | 46 | 300 | 50 |
30 | Питное | Преснов, Островка | 350 | 500 | 50 |
31 | Жекекөл | Благовещен, Благовещенка | 99 | 300 | 50 |
32 | Жарағаш | Благовещен, Благовещенка | 87 | 300 | 50 |
33 | Лапушки | Преснов (Железнин) | 22 | 300 | 50 |
34 | Купальное | Преснов (Железнин) | 34 | 300 | 50 |
35 | Лагерное | Преснов, Пресновка | 182 | 300 | 50 |
36 | Шырықмай | Майбалық | 31 | 300 | 50 |
37 | Ақбалық | Озерный | 77 | 300 | 50 |
38 | Горькое | Қазан, Мирный, Екатериновка | 526 | 500 | 50-55 |
Қызылжар ауданы | |||||
39 | Логуново | Соколов, Соколовка | 45 | 300 | 50 |
40 | Сергино | Налобин, Виноградов | 135 | 300 | 50 |
41 | Дубровное | Налобин, Дубровное | 127 | 300 | 50 |
42 | Гайдуково | Налобин, Гайдуково | 149 | 300 | 50 |
43 | Жалтыр | Рассвет, Рассвет | 176 | 300 | 50 |
44 | Лебеденок | Налобин | 338 | 500 | 50 |
45 | Сиверга | Налобин | 291 | 500 | 50 |
46 | Соленое | Лесной-Якорь | 287 | 500 | 50-75 |
47 | Пестрое | Петропавл қаласы, Прибрежный, Тепличное | 137 | 300 | 35-50 |
48 | Лебяжье | Вагулин, Вагулино | 523 | 500 | 50 |
49 | Бугровое | Бугров, Бугровое | 68 | 300 | 50 |
50 | Земляное | Бугров, Бугровое | 47 | 300 | 50-55 |
51 | Курейное | Налобин, Гайдуково | 150 | 300 | 50 |
Мамлют ауданы | |||||
52 | Белое | Белов, Белое | 349 | 500 | 100 |
53 | Щучье | Белов, Щучье | 75 | 300 | 50 |
54 | Студеное | Белов | 41 | 300 | 50 |
55 | Степное | Белов | 23 | 300 | 50 |
56 | Казачье | Дубровин, Михайловка | 94 | 300 | 50 |
57 | Пруд | Краснознамен, Беловка | 51 | 300 | 50 |
58 | Кривые | Дубровин, Дубровное | 111 | 300 | 50 |
59 | Каменное | Белов, Белое | 235 | 500 | 100 |
60 | Чистое | Белов, Чистое | 138 | 300 | 50 |
61 | Меңгесер | Қызыләскер, Новомихайловка | 3685 | 500 | 100 |
62 | Бесқамыс | Краснознамен, Калугино | 43 | 300 | 50 |
63 | Федосейкино | Воскресенов, Воскресеновка | 45 | 300 | 50-55 |
64 | Жаргино (Жагрино) | Белов, Белое | 108 | 300 | 50 |
65 | Каменное | Белов, Мамлютка | 62 | 300 | 50 |
66 | Таловое (Талое) | Пригород, Покровка | 65 | 300 | 50 |
67 | Беленок | Белов, Белое | 54 | 300 | 50 |
68 | Уделово | Белов | 48 | 300 | 50 |
69 | Уделенок | Белов | 44 | 300 | 50 |
70 | Краснознамен | Краснознамен, Краснознаменка | 43 | 300 | 50 |
71 | Прудок | Краснознамен, Калугино | 40 | 300 | 50 |
72 | Тетеркино | Белов | 27 | 300 | 50 |
73 | Куропаткино | Белов | 23 | 300 | 50 |
74 | Үлкен Черок | Дубровин, Михайловка | 178 | 300 | 50 |
75 | Желтое | Воскресенов, Становое | 70 | 300 | 50-75 |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы | |||||
76 | Ұлыкөл | Бірлік, Рузаевка | 2198 | 500 | 50 |
77 | Шарық су қоймасы | Андреевка, Көкалажар, Андреевка | 243 | 500 | 100 |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |||||
78 | Бірінші | Лебяжье, Лебяжье | 23 | 300 | 50 |
79 | Екінші | Лебяжье, Лебяжье | 20 | 300 | 50 |
80 | Зарослое | Аққайың (Гаврин), Зарослое | 152 | 300 | 50 |
81 | Рявкино | Бәйтерек (Фурманов), Рявкино | 281 | 500 | 50 |
82 | Питное | Полудин, Полудино | 872 | 500 | 50 |
Тимирязев ауданы | |||||
83 | Ақсуат | Дзержинск, Москворецк, Москворецкое | 1607 | 500 | 50 |
84 | Жарқын | Дмитриев, Дмитриевка | 467 | 500 | 50 |
85 | Дмитриевка | Дмитриев, Дмитриевка | 26 | 300 | 50 |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 16 наурыздағы | |
№ 31 Қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2015 жылғы 31 желтоқсандағы | |
№ 514 қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды салмай, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға, осы тармақшаның ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен үймереттердің пайдаланылуына қолданылмайды, бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге де жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.