"Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 31 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 наурызда № 7454-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      "Су ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау жөніндегі

      Есіл бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

  "Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау министрлігі
  Санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау комитеті
  Солтүстік Қазақстан облысының
  санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау департаменті"
  республикалық мемлекеттік
  мекемесі
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 16 наурыздағы
  № 31 Қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2015 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 514 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

Су айдынының атауы

Орналасқан жері (аудан, ауылдық округ, елді мекен)

Су айнасы ның ауданы (гектар)/ұзындығы (шақырым)

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

1

2

3

4

5

6

Өзендер

1

Есіл өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар

690

1000

100

2

Ақан-Бұрлық өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы, Айыртау

222,36

500

100

3

Иман-Бұрлық өзені

Шал ақын, Айыртау

177

500

100

4

Жембарақ өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы

37,29

500

35-100

5

Мұқыр өзені

Ғабит Мүсірепов атындағы

19,7

500

35-38

6

53°31'46.09" солтүстік ендік, 67°4'12.03" шығыс бойлық 53°31'33.39" солтүстік ендік, 67°3'46.77" шығыс бойлық географиялық координаттар тұсындағы Шудасай өзенінің учаскесі

Шал ақын, Юбилейный, Ұзынжар

0,75

500

75

7

Аралтөбе өзені

Айыртау

32,765

500

35-55

8

Қамсақты өзені

Айыртау, Есіл

107,353

500

35-55

9

Құланайғыр өзені (облыстық маңызы бар КСТ-62 "Ершовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл 17-209 километрлер" автомобиль жолының 159 километріндегі көпірді күрделі жөндеу учаскесі)

Ғабит Мүсірепов атындағы, Чистопол, Ялты

0,4

500

35

10

"Даутское-1" кен орны тау-кен бөлуінің географиялық координаттарының тұсындағы Шат өзенінің учаскесі

Ақжар, Ленинград, Ленинградское

0,91

500

75

Көлдер

Ақжар ауданы

11

Қомбайсор

Ленинград, Дәуіт

687

500

50

Аққайың ауданы

12

Кіші Тоқшын

Тоқшын, Тоқшын

33

300

50

13

Шағалалы Теңіз

Қиялы

7800

500

50

14

Базарал

Аралағаш, Аралағаш

577

500

50

15

Байсал

Аралағаш, Амангелді

128

300

50

16

Ақсуат

Аралағаш, Рублевка

303

300

50

17

Круглое

Аралағаш, Рублевка

93

300

50

18

Кіші Балықты

Смирнов

235

500

50

19

Жалтыр

Григорьев, Григорьевка

269

500

50

20

Құндыкөл

Полтав, Полтавка

68

300

50

Есіл ауданы

21

Полоустное (Полонское)

Петров, Покров, Петровка

33

300

50

Жамбыл ауданы

22

Екатериновское

Қазан, Екатериновка

471

500

50

23

Питное

Преснов (Железнин)

108

300

50

24

Курганское

Қазан, Усердное

162

300

50

25

Кабань

Первомай, Кабань

79

300

50

26

Суаткөл

Жамбыл, Амангелді

68

300

50

27

Мұжық

Озерный

65

300

50

28

Жалтырша

Майбалық

24

300

50

29

Далагүл

Благовещен, Майбалық

46

300

50

30

Питное

Преснов, Островка

350

500

50

31

Жекекөл

Благовещен, Благовещенка

99

300

50

32

Жарағаш

Благовещен, Благовещенка

87

300

50

33

Лапушки

Преснов (Железнин)

22

300

50

34

Купальное

Преснов (Железнин)

34

300

50

35

Лагерное

Преснов, Пресновка

182

300

50

36

Шырықмай

Майбалық

31

300

50

37

Ақбалық

Озерный

77

300

50

38

Горькое

Қазан, Мирный, Екатериновка

526

500

50-55

Қызылжар ауданы

39

Логуново

Соколов, Соколовка

45

300

50

40

Сергино

Налобин, Виноградов

135

300

50

41

Дубровное

Налобин, Дубровное

127

300

50

42

Гайдуково

Налобин, Гайдуково

149

300

50

43

Жалтыр

Рассвет, Рассвет

176

300

50

44

Лебеденок

Налобин

338

500

50

45

Сиверга

Налобин

291

500

50

46

Соленое

Лесной-Якорь

287

500

50-75

47

Пестрое

Петропавл қаласы, Прибрежный, Тепличное

137

300

35-50

48

Лебяжье

Вагулин, Вагулино

523

500

50

49

Бугровое

Бугров, Бугровое

68

300

50

50

Земляное

Бугров, Бугровое

47

300

50-55

51

Курейное

Налобин, Гайдуково

150

300

50

Мамлют ауданы

52

Белое

Белов, Белое

349

500

100

53

Щучье

Белов, Щучье

75

300

50

54

Студеное

Белов

41

300

50

55

Степное

Белов

23

300

50

56

Казачье

Дубровин, Михайловка

94

300

50

57

Пруд

Краснознамен, Беловка

51

300

50

58

Кривые

Дубровин, Дубровное

111

300

50

59

Каменное

Белов, Белое

235

500

100

60

Чистое

Белов, Чистое

138

300

50

61

Меңгесер

Қызыләскер, Новомихайловка

3685

500

100

62

Бесқамыс

Краснознамен, Калугино

43

300

50

63

Федосейкино

Воскресенов, Воскресеновка

45

300

50-55

64

Жаргино (Жагрино)

Белов, Белое

108

300

50

65

Каменное

Белов, Мамлютка

62

300

50

66

Таловое (Талое)

Пригород, Покровка

65

300

50

67

Беленок

Белов, Белое

54

300

50

68

Уделово

Белов

48

300

50

69

Уделенок

Белов

44

300

50

70

Краснознамен

Краснознамен, Краснознаменка

43

300

50

71

Прудок

Краснознамен, Калугино

40

300

50

72

Тетеркино

Белов

27

300

50

73

Куропаткино

Белов

23

300

50

74

Үлкен Черок

Дубровин, Михайловка

178

300

50

75

Желтое

Воскресенов, Становое

70

300

50-75

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

76

Ұлыкөл

Бірлік, Рузаевка

2198

500

50

77

Шарық су қоймасы

Андреевка, Көкалажар, Андреевка

243

500

100

Мағжан Жұмабаев ауданы

78

Бірінші

Лебяжье, Лебяжье

23

300

50

79

Екінші

Лебяжье, Лебяжье

20

300

50

80

Зарослое

Аққайың (Гаврин), Зарослое

152

300

50

81

Рявкино

Бәйтерек (Фурманов), Рявкино

281

500

50

82

Питное

Полудин, Полудино

872

500

50

Тимирязев ауданы

83

Ақсуат

Дзержинск, Москворецк, Москворецкое

1607

500

50

84

Жарқын

Дмитриев, Дмитриевка

467

500

50

85

Дмитриевка

Дмитриев, Дмитриевка

26

300

50

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 16 наурыздағы
  № 31 Қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2015 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 514 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды салмай, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға, осы тармақшаның ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен үймереттердің пайдаланылуына қолданылмайды, бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге де жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады