Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының 1- тармағының 8), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"8) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, орта, екінші санатты, санаты жоқ маман;
9) мүгедектігі бар балаларды, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар балаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов ауданының әкімі | К. Пшенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Уәлиханов аудандық
мәслихаты