Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 86 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 7532-15 болып тіркелді

      Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасының 1- тармағының 8), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, орта, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      9) мүгедектігі бар балаларды, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар балаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов ауданының әкімі К. Пшенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Уәлиханов аудандық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады