"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Атырау облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті РММ
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы РММ
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің Атырау облысы
бойынша Экология департаменті РММ
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген).
2. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 94 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2587 болып тіркелген).
3. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 308 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2597 болып тіркелген).
4. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2612 болып тіркелген).
5. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 153 "Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген).
6. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 66 "Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2888 болып тіркелген).
7. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 96 "Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3537 болып тіркелген).
8. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 235 "Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3946 болып тіркелген).