Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 21-VIII шешіміне қосымша |
Мақат аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3613 болып тіркелген);
2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 17 шілдедегі № 298-VI "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI "Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 болып тіркелген);
3) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 48-VI "Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардыт жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өндеу және көму тарифтерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3619 болып тіркелген);