Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 48-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте № 3619 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 21-VІIІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 21-VІIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі № 36-VI "Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы,
      кезектен тыс V сессиясының төрағасы Қ. Исмагулов

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 48-VІ шешіміне қосымша

      Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері

Р/с

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері:



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

120

1.2

Жайсыз үйлер

1 тұрғын

120

1.3

Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін)

1 текше метр

1600

1.4

Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін)

1 текше метр

3500

1.5

Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін)

1 текше метр

2400

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері:



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

120

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

650


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады