Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ЖТМҚ) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Түркістан облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына бюджет қаражаты есебiнен емделуге тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.
2. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) ЖТМҚ комиссиясының шешімі ЖТМҚ-ны стационарлық, стационарды алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек нысанында алу үшін негіз болып табылады.
3. Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиісті келесі құжаттар негізінде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан шығарылған күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылсын:
1) Жеке сәйкестендіру нөмері, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысанындағы өтініші;
2) жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәлiгiнің көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі;
4) медициналық ұйымының дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі - ДКК) науқасты алып жүру қажеттілігі туралы қорытындысы;
5) стационарлық науқастың медициналық картасы үзіндісінің көшірмесі;
6) науқастың және (немесе) оны алып жүретін адамның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын жол жүру билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қарай жол жүру құнын растайтын анықтамалар.
4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын (тек науқасты ертіп барғанда) екі жаққа жүруіне темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.
5. ДКК қорытындысының рұқсаты болған кезде науқасқа және оны алып жүретін адамға (науқас бір адамнан аспайтын болса ғана) екі жаққа да мынадай диагноздармен экономикалық класс тарифі бойынша әуе көлігімен келесі диагноздармен:
1) бүйректің созылмалы ауруы 5-кезең (терминалдық кезең) перитонеалдық диализ бағдарламасын қайта қарау бойынша мамандандырылған көмек үшін жалғасатын амбулаториялық-перинаталдық диализ;
2) мамандандырылған медициналық көмек пен диагностика үшін III-IV сатысы бас асқазан-ішек жолының, жүйке жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының қатерлі ісіктері;
3) жетілмеген остеогенез – "хрусталь ауруы", емдеу дәрі-дәрмек терапиясын, қажет болған жағдайда хирургиялық емдеуді, оңалту курсын қамтиды, консервативті терапияның негізгі әдісі - бифосфонаттар-адам ағзасындағы қосылыстарға жақын препараттар кіретін жоғары тиімді және заманауи дәрі-дәрмектерді қабылдау жол шығындары өтеледі;
6. Денсаулық сақтау басқармасы емделуге жол жүру құнын төлеуді науқастардың және (немесе) олармен бірге жүретін адамдардың банктік карт-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
7. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақтан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |
Түркістан облыстық мәслихаты 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII Шешімге қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1952 болып тіркелген);
2. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлеге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 33/368-ІІI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1955 болып тіркелген);
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлеге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 41/409- IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2051 болып тіркелген);
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлеге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/193-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4258 болып тіркелген).