БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31715 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі – ҚАК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң), өзге де заңнамалық актілерді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомствосында, білім беру мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жолданымдарды қарау мәселелерін нақтылайды.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ӘРПК-да белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 4-тармағының талабы қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, сондай-ақ қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларында, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жолданымдар мен хабарларға қолданылмайды.
6. Қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамада реттелмеген бөлігінде осы Нұсқаулықтың ережесі қолданылады.";
Мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Активтерді қайтаруға байланысты жолданымдарды, өтініштерді және шағымдарды, қарау тәртібі осы нұсқаулыққа сәйкес Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.";
27-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасының, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген прокурорының не оны алмастыратын адамның шешімі (жауабы) жоқ қайталама жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар.";
4) ҚПК-да, ҚАК-та, АПК-да, ӘҚБтК-де, ӘРПК-да және Заңда көзделген жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау тәртібін бұзумен байланысты прокуратура органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар.";
28-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) егер Бас прокуратураға жүгінген адам прокуратура органы басшылығының шешімімен (жауабымен) келіспеген болса, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасының, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген прокурорының не оны алмастыратын адамның шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларының ведомстволарында:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарынан (депутаттық сауалдардан басқасы), Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратынан, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан, басқа да әкімшілік органдардан келіп түскен, олар бойынша қарау нәтижелері туралы ақпарат ұсынуды талап ететін жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;
2) Бас прокуратура бақылауына алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;
3) Ведомстволар және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;
4) облыстық маңызы бар әкімшілік орган басшысының қолы қойылған шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;
5) Комитетінің, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралардың құзыретіне кіретін өзге де жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды және өтінішхаттарды Конституциялық заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзыреті шеңберінде қарайды.";
31-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаралуы прокуратура органының құзыретіне кірмейтін жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар прокуратура органына, лауазымды адамға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде, ол туралы бір мезгілде әкімшілік рәсімнің қатысушысын, прокуратура органына жүгінген адамды хабарландыра (хабархат бере) отырып, тиісті мемлекеттік органға, лауазымды адамға, прокуратура органдарына жіберілуі тиіс.
Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды тиісті әкімшілік органға, ұйымға, прокуратура органына уақтылы жіберместен, уәкілетті субъектілердің құзыретін түсіндіруге рұқсат етілмейді.
Осы тармақта көрсетілген жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу, сұрау салу мыналардың:
Бас прокуратурада – Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, олардың орынбасарларының, Бас прокуратура басқармалары бастықтарының, өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің;
Бас әскери прокуратурада, Бас көлік прокуратурасында, облыстар прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда – Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың және олардың орынбасарларының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар аппараттары басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі аға көмекшілерінің (көмекшілерінің);
Академияда – ректорының, проректорларының, Академия Аппараты басшысының;
Комитетте және оның аумақтық органдарында – басшыларының және оның орынбасарларының;
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде – төрағаның, төраға орынбасарының, басқарма бастықтарының;
аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың және олардың орынбасарларының қолы қойылып жіберіледі.";
88-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) прокуратура ведомстволарының, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар немесе оларды алмастыратын адамдар:
ведомстволар басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), оның ішінде бұдан бұрын олардың орынбасарларының қойылған қолымен шешім (жауап) шығарылған алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға байланысты мәселелер бойынша шағым жасау туралы;
ведомстволар басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;
әкімшілік әрекетті жасау туралы;
әкімшілік актіні қабылдау туралы;
әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарынан (депутаттық сауалдан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Бас прокуратурадан, басқа да орталық мемлекеттік органдардан келіп түскен, қарау нәтижесі бойынша ақпарат жіберуді талап ететін;
Комитетінің аумақтық органдарының басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бұдан бұрын шешім (жауап) енгізілген алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;
осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;";
6) прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдары басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитет басқармаларының бастықтары жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады:
әкімшілік әрекетті жасау туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;
прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың бағынысты қызметкерлерінің шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру туралы, қанағаттандырудан бас тартылған хабарларды қоспағанда;
қараусыз қалдыру туралы;
хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;
әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;
назарға алу туралы;
осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;".
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларында:
1, 2-тармақтар және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), өзге заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, білім беру мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.
2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) прокуратура органдарының мынадай лауазымды адамдары жүргізеді: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары, Бас әскери және Бас көлік прокуроры және олардың орынбасарлары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, ведомстволардың, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорларының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, сонымен қатар прокуратура органдарының прокурорлары.
3. Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Қазақстан Республика Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшыларына, олардың орынбасарларына, Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, олардың орынбасарларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қаладан тысқары жерден келушілерге Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының, әскери және көлік прокуратура органдарының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратураларының басшылары қолданыстағы кестеге қарамастан, олар жүгінген күні қабылдайды.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Арыз иелерінің келісімі бойынша қабылдауды Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының, әскери және көлік прокуратура органдарының басшылары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген прокурорлар бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырады.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелер басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін қабылдау кезінде аталған қызметкерлерге жәрдем көрсетеді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Прокуратураның ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарында, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларда, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда қабылдау тәртібі";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бас прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, және олардың орынбасарлары қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді.";
29, 30, 31, 32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшыларына, Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына және оған теңестірілген прокурорға және олардың орынбасарларына қабылдау үшін алдын ала жазылу, олардың құзыретіне тікелей кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда, прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар арыз иелерін қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін.
30. Прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының, облыстар және оларға теңестірілген прокуратураларының басшылары, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері (көмекшілері) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын қажеттіліктің туындауына қарай жүргізеді.
31. Прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.
32. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың қабылдауына алдын ала жазуды, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыруды жауапты қызметкерлер арыз иесі ұсынған құжаттарды және онымен хат алмасу материалдарын зерделегеннен кейін жүзеге асырады.
33. Прокуратура ведомстволары, мекемелері, білім беру ұйымдары басшыларының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, және олардың орынбасарларының қабылдауына:
1) арыз иелерін қабылдауды жүзеге асыруды Бас прокуратура тапсырған жағдайларды қоспағанда, сол мәселе бойынша прокуратура ведомстволары, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының басшылары, облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурор бұдан бұрын қабылдаған адамдарды;
2) соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;
3) осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 3), 4), 5),7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.";
35, 36, 37, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілген қайталама жолданымдар келіп түскен кезде прокуратура ведомстволары, мекемелері, білім беру ұйымдарының басшыларына, Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға, прокуратураның қабылдауға алдын ала жазылу прокуратураның, ведомствоның, мекеменің, білім беру ұйымының, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының, облыс прокуратураларының және оған теңестірілген прокуратураларының тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісім бойынша жүзеге асырылады.
36. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін прокуратура ведомстволары, мекемелері, білім беру ұйымдарының басшыларының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.
37. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін прокуратура ведомстволары, мекемелері, білім беру ұйымдарының басшыларының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының, оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының қабылдауына жазылған адамдардың тізімі тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына анықтама дайындау және баяндау үшін жіберіледі.
38. Прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі жауапты қызметкерлерге прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемесі мен, ұйымдарының басшыларына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға және олардың орынбасарларына қабылдау, баяндама жасау үшін, сондай-ақ қабылдау жүргізу практикасына талдау және оны қорыту үшін қажетті қадағалау іс жүргізулерін ұсынады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Қабылдаудан келіп түскен жолданымдарды есепке алуды және жолданымдарды қарау мерзімдерін бақылауды Бас прокуратурада – Бас Прокурордың аға көмекшісі, прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері және ұйымдарында, әскери және көлік прокуратуралары органдарында, облыстар және оларға теңестірілген прокуратураларында, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алуға арыз иесіне берілген түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.
Бас прокуратурада қабылданған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін БАТЖ-да есепке алуды өтініштермен жұмыс жасау және іс қағаздарын жүргізу бөлімшесінің сарапшысы (маманы), облыстар прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларында, прокуратура ведомстволарында, мекемелері мен білім беру ұйымында, әскери және көлік прокуратуралары органдарында, аудан және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген адамдар жүргізеді.".
2. Қазақстан Рсепубликасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі